Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде орналасқан №209 референдум учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр.
Таңмен таласа басталған саяси науқанға округ тұрғындары белсенділік танытып, ел ертеңіне қатысты өз таңдауларын жасауда.
Солардың қатарында Дүйсалиевтер әулетінің мүшелері - әкесі Есқазы Дүйсалиев, анасы Майра Қапанова және баласы Бауыржан Ізім келіп, өз дауыстарын берді.
“Отбасымызбен жаңа бастамаға қолдау білдіріп, өз таңдауымызды жасау үшін келдік”, - деді Дүйсалиевтер әулеті.
Айта кетейік, дауыс беру кешкі сағат 20:00 ге дейін жалғасады.
Г.Жұбанышқалиева


