Бүгін орталық алаңда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Бір шаңырақ астында” атты мерекелік концерт өтті.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен татулықтың маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, аталмыш шараның өтуіне үлес қосқан мекемелерді марапаттап, қаржылай сыйлықтар табыстады.
Мерекелік шара барысында түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, ұлттық билері орындалды.
Сондай-ақ, әр халықтың салт-дәстүрін дәріптейтін көріністер қойылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.
Бұл көпұлтты мәдениеттің байлығы мен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.
Ж.ҚАМЗА
Сурет автордікі


