БІЛІМ ПЕН БІРЛІК ТОҒЫСҚАН САЙЫС

(0 Votes)

Бүгін аудандық мәдениет үйінде отбасы күніне орай “OTBASY IQ” атты отбасылық интеллектуалдық сайысы өтті.

Танымдық әрі қызықты форматта ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы өзара сыйластық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ қатысушылардың білімін, тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін саралау.

Сайысқа қатысқан отбасылар төрт кезең бойынша өзара бақ сынасты. 

Алғашқы «Сұрақ – жауап» кезеңінде қатысушылар білімдерін сарапқа салса, «Жасырын бейне» кезеңінде байқампаздықтары сыналды. 

Үшінші кезеңдегі «Құпия код» тапсырмасында логикалық ойлау қабілеті қажет болса, «Тез тап!» кезеңінде жылдапдық пен шапшаңдық алдыңғы орынға шықты.

Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік отбасы» атағын иеленген Жылқыбаевтар отбасына 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталса,«Зияткер отбасы» атанған Құрақтар отбасы, «Зерделі отбасы» номинациясының иегері Шарафиевтер отбасы және «Белсенді отбасы» аталымымен марапатталған Елубаевтар отбасына 50 000 теңге көлемінде сертификат табысталды.

Д.Маратұлы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT