БІЛІМ – ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТ

(0 Votes)

 Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы жобасында білім саласын дамытуға ерекше мән берілуі - мемлекет дамуының маңызды көрсеткіш.

Бұл – елдің өркендеуі мен ұлттың кемел келешегі ең алдымен сапалы біліммен тығыз байланысты екенін аңғартады. Жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтіп, олардың өмірде өз орнын табуына жол ашатын басты құндылық – білім екені сөзсіз.

Сондықтан білім беру ісін жетілдіру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау - бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Ұстаздар қауымы үшін бұл - үлкен жауапкершілік жүктейтін тарихи міндет деп білемін. Себебі сапалы білім мен саналы тәрбие арқылы ғана еліміздің жарқын келешегін қалыптастыруға болады.

Д.Жайжеңісқызы,

Х.Санбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026