БІЛІК МАМАН ДАЯРЛАУ - БАСТЫ МАҚСАТ

(0 Votes)

Бүгін Доссор кентіндегі «Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде» «Теңізшевройл» компаниясының демеушілігімен қысқа мерзімді оқыту курсын «Токарь» мамандығы бойынша аяқтаған қатысушыларға құжат табыстау рәсімі өтті.

 Бұл шара – өңірдегі техникалық мамандарды даярлауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

 Нәтижесінде қатысушылар жаңа кәсіби дағдыларды меңгеріп, бұл олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға және жаңа мамандық бойынша еңбек қызметін бастауға жол ашпақ.

Іс-шара барысында алдымен колледжге келген компания өкілдеріне оқу орнының материалдық-техникалық базасы таныстырылды.

 Қонақтар мұнайшы цехін, электр жабдықтарын монтаждау, тігін шеберханасы, металл өңдеу және аргонмен дәнекерлеу цехтарын аралап көріп, білім алушыларға жасалған жағдайлармен танысты.

Одан кейін қысқа мерзімді оқыту курстарын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталып, олардың болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуына тілектестік білдірілді.

 Б.Серік,

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT