Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мақат тарихи-өлкетану музейінде мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру және олардың жазғы демалысын көңілді өткізулеріне мүмкіндік жасау.

Шара барысында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған танымдық көрме ұсынылып, балаларға арналған қызықты бағдарламалар өткізілді.
Сонымен қатар ертегі кейіпкерлері кішкентай қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырды.

Аталмыш шара соңында белсенді қатысқан балаларға естелік сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
MT


