Балалар қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет

Балалар қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет
(0 Votes)

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мақат ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық Білім бөлімі бірлесе отырып, «Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз» тақырыбында танымдық-тәжірибелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу, жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу және өскелең ұрпақтың өмірі мен денсаулығын қорғауға қоғам назарын аудару.

Шара барысында балаларға арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың қызметі туралы қызықты мәліметтермен берілді. 

Сонымен қатар, ойын ұйымдастырылып, белсенді қатысқан балаларға сыйлықтар табысталды.

Балалардың қауіпсіздігі – тек ата-аналардың немесе арнайы қызметтердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. 

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT