Аудандық полиция бөлімінің есептік жиыны өтті

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде аудандық полиция бөлімінің есептік жиыны өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Бекбол Қуатұлы төрағалық еткен жиынға ауданға қарасты мекеме басшылары, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты.

 Жиын барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Данияр Бимуханов құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады.

 Әрі қарай құқықтық мәселелер мен заң аясындағы толғандырған сұрақтарын жолдау үшін тұрғындарға кезек беріліп, тиісінше жауаптар берілді.

 Атап айтқанда, жол қауіпсіздігі үшін жол белгілерін орнату, интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында жұмыстарды күшейту, көшелерге қоқыс жәшіктерін дұрыс орналастыру және халық көп шоғырланатын орындарға қосымша жәшіктер қою, кадр тапшылығы бойынша мәселелер көтерілді.

 Кездесу соңында аталған мәселелерге заң аясында жауаптар беріп, мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болды.

 

МТ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT