Бүгін Мақат аудандық ауруханасында «North Caspian Operating Company N.V» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында аудандық ауруханасына 2 дана заманауи «Toyota Hiace High roof» реанимобиль автокөлігі мен медициналық құрал-жабдықтар табысталды.
Шара барысында аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, бұл игі бастама халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, шұғыл медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және ауданның денсаулық сақтау саласының материалдық – техникалық базасын нығайтуға бағытталған маңызды қолдау болғандығын, жеткізді.
Әрі қарай жаңа реанимобиль автокөліктерін кілттерін аурухананың жүргізушілеріне салтанатты түрде табыстап, ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «North Caspian Operating Company N.V» компаниясының ұжымына аудан әкімінің алғыс хаты табыс етті.

Сез кезегін жалғастырған Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала жөніндегі орынбасары Әлия Жанғалиева мен «North Caspian Operating Company N.V.» компаниясының,Өңірлік мемлекеттік органдармен,жұртшылықпен жане бақылаушы органдармен өзара байланысу жөніндегі бас менеджері Максим Азаматов денсаулық сақтау саласын дамытуа бағытталған мұндай әлеуметтік жобалардың маңыздылығына тоқталып өтті.

Шара соңында қатысушылар жаңа реанимобиль автокөліктерімен және заманауи медициналық құрал – жабдықтармен танысты.
Д.Маратұлы




