АУДАНДА ТАЗАЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДРОН ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АУДАНДА ТАЗАЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДРОН ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
(0 Votes)

Ауданда алғаш рет дрон арқылы мониторинг жүргізуге арналған бірыңғай инфрақұрылым жобасы пилоттық режимде жұмысын бастады. 

Жоба “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылуда.

Арнайы дрон аудан аумағын әуеден бақылап, кент көшелері мен қоғамдық орындардағы санитарлық жағдайға мониторинг жүргізді. Нәтижесінде тазалық талаптары сақталмаған аумақтар анықталып, тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты мекемелерге жолданды.

Аталған жоба қоршаған ортаның тазалығын сақтау, заңсыз қоқыс орындарын анықтау, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT