Ауданда “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ауданда “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
(0 Votes)

11–16 шiлде аралығында Мақат станциясындағы көлiктегi полиция бөлiмшесi “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – теміржол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Іс-шара барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауға алынып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, рейдтік шара барысында мамандар балаларды теміржол маңында қараусыз қалдырмауға шақырды.

Қауіпсіздік ережелері:
-тек арнайы өткелдермен өтіңіз; 
-ескерту белгілерін сақтаңыз; -құлаққаппен немесе телефонмен өтпеңіз; -балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
-қозғалып келе жатқан пойызға жақындамаңыз; 
-теміржол бойында бей-берекет жүрмеңіз.

Қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі.

С.ИЛЬЯСОВ,
Мақат станциясының көлiктегi полиция бөлiмшесiнiң бастығының міндетін атқарушы, полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT