«АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ»

«АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ»
(0 Votes)

Бүгін Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Аудан әкімінің кубогі» мекемелер арасындағы аудандық спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 Спорттық шара – бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ мекемелер арасындағы ауызбіршілік пен өзара ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етті.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, жарысқа қатысушы мекемелерге аудан әкімінің арнайы алғыс хатын табыстады.

Сөз кезегін жалғастырған Мақат ауданының прокуроры Бахтияр Кеулімжай «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында спорттың қоғамдағы рөліне назар аударып, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Спартакиада аясында қатысушылар арқан тарту, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, жеңіл атлетика эстафетасы, гір тасын көтеру, асық ату, киберспорт және суда жүзу секілді спорттың 10 түрінен бақ сынайтын болады.

 Жарысқа аудан бойынша барлығы 11 мекеме қатысып, өзара мықтыны анықтамақ.

Д.Маратұлы

 Суреттер автордікі

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT