Мақат кентіндегі №205 референдум учаскесінде дауыс беру үдерісі жалғасуда.
Аталған учаскеге аудан әкімі Азамат Саматұлы келіп, өз таңдауын жасап, референдумға азаматтық үн қосты.
Айта кетейік, №205 референдум учаскесінде барлығы 992 дауыс беруші тіркелген.
Сонымен қатар, вахталық режимде 305 адам дауыс беруге құқылы.
Ал жалпы аудан бойынша 12 референдум учаскесінде 16 308 дауыс беруші бар.
Ж.ҚАМЗА


