Газетіміздің алдыңғы санында Астана төрінде Республикалық Ұлттық мектеп лигасында 9-11 сынып оқушылар арасында бес асықтан аудан спортшыларының жүлдегер атанғандығын жазған болатынбыз.
Осы ретте жеңімпаздарды Мақат вокзалында аудандық білім бөлімінің мамандары, ұстаз және ата-аналар мен оқушылар зор құрметпен қарсы алды.

Шара барасында Мұса Баймұханов атындағы орта мектептің директоры Бақытгүл Тиышбаева ұлттық спортты ұлықтап жүрген асықшылар мен жетекшісін айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы ойындарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, 17 команда арасынан үздік атану ауданымыз үшін үлкен мәртебе екендігін атап өтіп, командаға тыңғылықты дайындық жүргізіп, жеңіске жетуге жол ашқан жаттырықтырушы Мейрамүл Жұмагалиеваға арнайы алғысын білдірді.

Айта кетейік, ұлттық мектеп лигасында бес асықтан М.Баймұханов орта мектебінің оқушылары Айдана Қалымжан, Марта Ерболатқызы және Жадыра Есмұхан жүлделі бірінші орынды еншілеп, аудан абыройын асқақтатқан болатын.
Д.Маратұлы,
Суреттер автордікі


