АРДАГЕРЛЕР ӨНЕГЕСІ – ЖАС БУЫНҒА БАҒДАР

(0 Votes)

Бүгін 18 ақпан – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаменті күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығында сала мамандарының қатысуымен мерекелік шара ұйымдастырылды.

Алдымен атаулы шара сала қызметкерлерінің құрметіне саптық жүріспен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, көліктегі полиция департаментінің бірқатар ардагерлерге қоғамдағы белсенді қызметі мен азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Атырау облысы қоғамдық кеңесі тағайындаған “Қоғам жанашыры” медалін табыстады.

Сонымен қатар, бірқатар ардагерлер облыстық мәслихат төрағасының және аудан әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, сала мамандарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ж.ҚАМЗА
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026