ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР БАСТЫ НАЗАРДА

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР БАСТЫ НАЗАРДА
(0 Votes)

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда олардың рөлі ерекше. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, азаматтардың белсенділігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және түрлі қоғамдық бастамаларды қолдау бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді. 

Осы орайда бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзақызының төрағалығымен кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 2026 жылы жүзеге асырылатын жобалар, Мақат ауданы бойынша «Азаматтық орталықтың» атқарып жатқан жұмыстары, сондай-ақ ауданда тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың 2025 жылы жүзеге асырған және 2026 жылға жоспарланған жобалары туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті арттыру бағытында үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Кеңес барысында жауапты сала мамандары өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жобаларды таныстырды. Олар үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру және тұрғындармен тиімді байланыс орнату бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобаларды уақытылы әрі сапалы орындау қажеттігін айтып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Жиын қорытындысында алдағы уақытта үкіметтік емес ұйымдармен өзара әріптестікті күшейтіп, қоғам игілігіне бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру қажеттігі атап өтілді.

 Ж.ҚАМЗА

 Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT