Бүгін ауданымызда 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары ауданымыздағы Қанатбаевтар отбасына арнайы барып, мерекемен шын жүректен құттықтады.
Кездесудегі мақсат – өнегелі отбасын жастарға үлгі ету, жас ұрпақты жақсылыққа, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ата-анаға деген құрметін арттыруға үлес қосу.
Бүгінде ұрпағының қызығын көріп отырған өнегелі әулет отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесінің маңызы туралы тағылымды әңгімелерімен бөлісіп, ыстық ықыласын білдіріп, ақ батасын берді.
Отбасы адамдық құндылықтардың, мәдениет, адамгершіліктің қорғаушысы, ұрпақтардың тарихи сабақтастығын бермек.
Д.Маратұлы


