«100 ӘЖЕ – 100 БЕСІК ЖЫРЫ» 

(0 Votes)

Бүгін ауданымыздағы орталық стадионда отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық тәрбиені ұлықтауға бағытталған «100 әже – 100 бесік жыры» атты отбасылық тағылымды шара өтті.

Тағылымды басқосуға ауданның ардақты әжелері жиналып, ұрпақ тәрбиесіндегі әженің орны мен бесік жырының тәрбиелік мәнін насихаттады.Шара барысында аудан әкімінің орын басары Әсел Қаржауова сөз сөйлеп, отбасы құндылығы, ұлттық салт-дәстүр және бесіктің қазақ қоғамындағы орны туралы ой бөлісті. Ол бесіктің халқымыз үшін сәби жататын орын ғана емес, ұрпақ тәрбиесінің бастауы, ұлттық дүниетаным мен өнегенің алтын бесігі екенін атап өтті.

Жиынның негізгі бөлігі – әжелердің бесікті құндақтау рәсімімен жалғасты. Ақ жаулықты әжелер көпшілік алдында бесікті салт-дәстүрге сай жабдықтап, сәбиді бесікке бөлеу рәсімін көрсетті. 

Сондай-ақ әжелер әлдиімен бесік жыры шырқалып, ұлттық тәрбиенің мәйегі саналатын дәстүрдің маңызы айшықталды. Аталған шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«100 әже – 100 бесік жыры» шарасы – ұрпақ тәрбиесіндегі әже өнегесін айшықтап, бесік жыры арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеген мазмұнды мәдени іс-шара болды.

Б.Серік
Суреттер автордікі

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT