100 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ДАУЫС БЕРДІ 

(0 Votes)

Доссор кентіндегі №211 референдум учаскесінің комиссия мүшелері Х.Аухатов көшесінің тұрғыны, 100 жастағы тыл ардагері Еркеш Жексенқалиқызының үйіне барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасады.

Ғасыр жасаған әже ел өміріндегі маңызды науқаннан тыс қалмай, өз таңдауын жасады.

“Қанша жаста болсақ та, еліміздің жаңа бастамасына үн қосу – әрбір азаматтың парызы”,— дейді тыл ардагері.

Бұл аға буынның ел тағдырына бейжай қарамай, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі қадамы.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT