Ерекше балалар дизайнері ШеберFEST-те

Ерекше балалар дизайнері ШеберFEST-те
фото видеодан алынды
(0 Votes)

«ШеберFEST – 2026» фестивалінің жарқын қатысушыларының бірі – талантты тігінші-дизайнер, «RAI» брендінің негізін қалаушы Әбдіғалиева Райхан Ідіресқызы.

Көпбалалы ана әрі дизайнер Райхан Ідіресқызы сәнді тек әсемдік әлемі емес, адамгершілік пен мейірімді насихаттайтын өнер деп біледі. Ол ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіре отырып, ерекше және қалыпты жасөспірімдерді бір сахнаға шығарып, қоғамға тең мүмкіндік пен инклюзивтіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Фестиваль аясында дизайнер 9 ерекше баланың қатысуымен этно-заманауи стильдегі сән көрсетілімін ұсынды. Бұл дефиле көрермендерге тек сән үлгілерін ғана емес, мейірім мен сенімге толы ерекше жобаны таныстырды. Әрбір киім үлгісінен қазақы нақыш, ұлттық болмыс пен қазіргі сән үрдістерінің үйлесімі көрініс тапты.

Әбдіғалиева Райхан Ідіресқызы – Атырау дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, халықаралық және республикалық сән көрсетілімдерінің тұрақты қатысушысы. Оның шығармашылық қоржынында «Aspara Fashion Week», «Caspian Fashion Week», «Grand Fashion Atyrau» секілді беделді жобалар бар.

Дизайнердің басты мақсаты – сән арқылы ерекше жандардың қоғамдағы орнын айқындап, олардың өз мүмкіндіктерін еркін көрсетуіне жол ашу. Оның туындылары ұлттық өнер мен заманауи сәннің үндестігін дәріптеп, көрерменге рухани әсер сыйлайды.

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT