Ақтау қаласы 2030 жылға арналған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туристік астанасы болып ресми түрде таңдалды. Бұл шешім Шуша қаласында өткен ұйымға мүше елдердің туризм министрлерінің 7-кездесуінде қабылданды.
Аталған мәртебе Каспий жағалауындағы қаланың туристік әлеуетінің жоғары екенін және оның халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдары Ақтау өңірінде жағажай туризмімен қатар экологиялық және мәдени бағыттар дамып, инфрақұрылым жүйелі түрде жаңартылып келеді.
Бұл шешім Қазақстан үшін туризмді экономиканың негізгі бағыттарының біріне айналдыруға серпін береді. Сонымен қатар, туристік астана мәртебесі инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықаралық туристер ағынын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Осылайша, 2030 жылға дейін Ақтау Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі маңызды туристік орталықтардың біріне айналуы күтіледі.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА


