Бүгін Елордада бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясы өтуде. Сессия барысында Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттарына бірқатар маңызды міндеттер жүктеп, ел дамуының жаңа кезеңіне тоқталды.
Президент өз сөзінде Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
“Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет”, – деді Мемлекет басшысы.
Иә,расыменде елдің жарқын болашағына бағытталған өзгерістер мен жаңа бастамалар – қоғамның тұрақты дамуының маңызды негізі. Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстан жаңа өрлеу кезеңіне қадам басып, ел өмірінде ауқымды реформалар жүзеге асырылуда.
Бұл ретте Құрылтай депутаттарына жүктелетін міндет те айрықша. Халықтың талап-тілегі мен ұсынысын жеткізіп, ел мүддесін бәрінен биік қою – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Құрылтайдың алғашқы құрамы халық аманатына адалдық танытып, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға үлес қосуы маңызды.
Еліміздің болашағы – бүгінгі қабылданған шешімдер мен бастамалардың нәтижесіне байланысты. Сондықтан әрбір өзгеріс халықтың әл-ауқатын арттыруға, әділетті қоғам қалыптастыруға және елдің тұрақты дамуына бағытталуы тиіс.
М.Әнесұлы,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



