baner

«Student party» кеші

(0 Votes)

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде студенттер күні аталып өтті.

«Student party» тақырыбындағы мерекелік кешті аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Оқу ордасының ең көңілді студенттері осы мерекелік кеште бас қосты.

img_1161

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсия Қайыржанқызы студенттерді мерекемен құттықтап, лебізін білдірді. Шараны Хайрошева Әсел және Жәрдемова Мархаббат «Мереке» әнімен ашты. Студенттер бұл шарадағы ауқымды бағдарлама, ұтыс ойындары, қызықты жаттығуларға белсенділікпен қатысты.

img_1191

Сонымен қатар, студенттер өздері дайындаған концерттік бағдарлама ұсынып, кеш көркін аша түсті. Аталмыш колледждің «Доссор» жайдарман құрамасы қағылтпа әзілдерімен кештің көркін қыздырды. Ал, өнерлі студенттер вальс биін билеп, әдемі ән де шырқады.

img_1286

Білім ордасында тек білім алып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз үлестерін қосып жүрген студенттер көп. Сондай колледждің дарынды және белсенді студенттері кеш соңында марапатқа бөленді.

img_1333

Мерекелік шараны қорытындылаған аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова кештің «Ханзадасы мен ханшайымын» анықтап, естелік сыйлық табыс етті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

Мақат тынысы

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ban2