"Кең болсаң, кем болмайсың"

(1 Vote)

Биылғы жылы аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен "Асар" еріктілер тобы құрылған болатын.

Еріктілердің негізгі көздегені айналасына қолынан келгенінше  қайырымдылық таныту еді. Міне құрылғанына көп уақыт өте қоймаса да алғыр жастардың алғашқы жұмысы көрініс бере бастады. "Асарлықтар"  тұрмыстық аз қамтылған жанұяларға азық түлікпен қолдау таныту үшін кенттегі кейбір жеке кәсіпкерлерге ұсыныс тастаған болатын. Бұлардың оң  бастамасын барлығы бірдей құптай  қоймаса да  кенттегі  "Сағадат"  дүкенінің иесі Сәкен Маженов бастап қолдау танытты. "Кең болсаң, кем болмайсың" дегенді ұстанған кәсіпкер осылайша кенттегі екі жанұяға 50 мың теңге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсетті. Ізгі амалдарға ұйытқы болған "Асар" еріктілер тобына да кент тұрғындарының алғысы шексіз.

А.САДЫКОВ  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521