Доссорда жастар саябағы ашылды

(1 Vote)

 Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты  аудан әкімі Ш.Кейкинұлының  бастамасымен Доссор кенті О.Шаримов көшесінде «Жастар саябағы» ашылды.

Кенттің ажарын ашқан саябақтың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев қатысты. Ол жиналған аудан тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірсе, ардагер Діңғали Дәулетбаев ақ батасын берді.

img_5172

Саябақтың  лентасын ардагер Діңғали Дәулетбаев пен аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қаржауова қиды.

img_5175

Келушілерді зор қуанышқа бөлеген демалыс орны шынымен де ғажап. Саябақта санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қоқыс контейнерлерімен қатар бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін орындықтар қойылған.

Жастар саябағы -жастар жылына арналған үлкен сый іспетті.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521