«Ана көркі қызымен, қызы жүрер ізімен»

(1 Vote)

Шұғылалы көктемнің шуақты мерекесіне орай аудандық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Көзайым» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Ана көркі қызымен, қызы жүрер ізімен» атты мерекелік кеші өтті.

Шараға білім беру ұйымдарындағы қыздар клубының мүшелері мен жетекшілері, өз істерімен көпке үлгі болып жүрген аналар қатысып, кешті «Көзайым» қыздар клубының жетекшісі Мөлдір Ізтұрғанова жүргізді. Алдымен қыздар клубының алғашқы шарасының тұсауын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанат Жұмағалиева кесіп, мерекелік лебізін жолдады.

Шарада жанұясына жылулығын беріп қана қоймай, өз іскерліктерімен көптің көзайымы болып жүрген нәзік жандылар тәжірибелерімен, ғибратты әңгімелерімен бөлісті. Ауданымызда алғаш болып жиһаз саудасын бастап, бүгінгі күнге дейін кәсібін өрге дөңгелентіп отырған Ұлмекен Базарғалиқызы, көпбалалы өнерлі ана Гүлзира Шағырқызы, етік тігіп, ел алғысына бөленіп жүрген Гүлдана Құдайбергенқызы, он саусағынан өнер тамған тігінші Сандуғаш Мыңбайқызы, қолөнер шебері Эльвира Ғарифоллақызы кеш барысында қыз бала тәрбиесі, отбасы құндылығы, іскерлік жолдағы қиыншылықтарды жеңу турасында әңгіме өрбітті.

img_0456

Шараға қатысушылар тақырып төңірегінде түрлі сұрақтар қойып, кеш көркін қыздырды. Шара соңында кеш қонақтарына жастар ресурстық орталығы атынан құттықтау хат және гүл шоқтары табыс етілді. Кеш ана туралы әсем әуенмен қорытындыланды.

Ә.Қаржауова,

аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521