Жолдаудың артықшылықтарына қанықты

(0 Votes)

Л.Шахатов атындағы орта мектепте  Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық  инженерлік Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Ихсанов жұртшылықпен кездесу өткізді.

«Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты президент Жолдауын ел арасында кеңінен түсіндіруді мақсат еткен ауданымыздан сайланған облыстық мәслихат депутаты алдымен, аталмыш мектептің хал-жағдайымен танысты. Халық қалаулысы ел Президентінің Жолдауын мемлекет пен халықтың байланысын нығайтуға бағытталған халыққа арналған манифест ретінде бағалады. Елдің келешектегі жаңа бағытын айқындап берген Жолдауға оң көзқарасын білдірген Е.Уәлитханұлы ел президентінің  Қазақстанның жаңа кезеңдегі басымдықтары ретінде табысты әділ бөлу, тәуелсіз сот жүйесі, тиімді басқару, либералды демократия мен өткен шақтың құндылықтарына негізделген жаңғыртуларды да атап көрсетті.

ihsanob-1

Кездесуде Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Ермек Биғали мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжі директоры Мақсат Кемалқызы Усербаеваны таныстыра кетті. Олар да жолдауды жан-жақты талдап, білім бағытына қатысты тұсына баса мән берді.

ihsanob-2

Кездесуді «Nur  Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Ермағанбетов қорытындылап, облыстық Мәслихаты депутаты мен АИГИ насихат тобы мүшелеріне аудан басшылығы атынан ризашылығын білдірді.

 

А.САДЫКОВ

Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521