Жұмыс күші көршілес елден келеді

(1 Vote)

Көші-қон десе, көз алдымызға көшіп қонып жүрген халықтың кейпі емес, күн жыли бастасымен пұл тауып, жанұясын асырау қамымен сабылып жүрер өзбек ұлты мен қарақалпақстандықтар келеді.

Тоғыз жолдың торабында орын теуіп, қара алтынның қара шаңырағы атанған ауданымызды кеңес үкіметі тұсында түрлі ұлт өкілдері келіп қоныстанғаны белгілі. Соңғы уақытта әр ұлт өзінің атамекендеріне көшу үдерісі жалғасын тауып келеді. Бір кездері арғы аталары  қоныс аударып келген славян халықтарының өкілдері әлі де болса, ауданымызда мекен етіп, Қазақстанды Отаны санайды.

Аудандық көші-қон полициясының дерегінше, өткен жылы ауданға Өзбекстаннан 875, Ресей Федерациясынан 50, Қырғызстаннан 6 азамат келген. Ал биылдың өзінде  27 шет ел азаматы келген. Оның жұмыс жасауға 13-і рұқсат қағазын алған.

Келушілерді бұл өлкеге ынтық еткен "Таскешудегі" тарихи жәдігерлер не болмаса тылсым табиғатындағы тұзы бетіне шыққан сортаң жерлері емес екені анық. Көздегендері қалтамыздағы құрылысқа деп жинаған қаражат. Жалпы, әлеуметтік желілерден аңғарғанымыздай, сырттан кіріс кіргізуде Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары алдына жан салмайды екен. Ал олар біздің елде бір ай жұмыс жасауы үшін салыққа -5302 теңге, екі айға -10604 теңге, үш айға -15906 теңге төлейді.  Бұдан әрі қалғысы келсе, тиісті салығын төлеп, рұқсат қағазының уақытын ұзартуына болады. Жұмыс деп келіп жергілікті жерден серігін тауып, жұптасып азаматтық алып жатқандары да жоқ емес. Бұдан да қиын кезде жарты нанын бөле жеген біздің қазекең, бүгінгі күні де бөгде халықтың баласын бауырына аз басып жатқан жоқ.


А.САДЫКОВ  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521