«Тура биде туған жоқ»

(0 Votes)

Президент өз Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы блокқа ерекше назар аударылатын болады деп баса айтып, сыбайлас жемқорлық қылмыс болған бөлімнің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік түрде реттелуі керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің жауапкершілігін қамтамасыз ету қажет деген болатын.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып, «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Сол асыл бабаларымыздың бойындағы қасиет бүгінгі күні қайта жаңғырса, бізден қарқынды мемлекет болмас еді.

С.ҚАБДОЛЛАҰЛЫ

зейнеткер

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521