Тәртіпке бағынған құл болмайды

(0 Votes)

Ел президенті Қ.Тоқаев Жолдауында  зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырып  : «Біз шамадан тыс шараларға жүгінуден және қатал жазалау сынды тәжірибеден алшақ кеттік.

Бірақ елімізде жасалып жатқан көптеген ауыр қылмыстар бар. Біз ізгілік дегенге көп мән беріп кеттік. Қайткенмен де зорлық-зомбылыққа, педофилияға, балаларға, адамға қарсы қылмыстарға қатысты жазаны қатайту қажет. Бұл менің үкіметке берген жеке тапсырмам. Браконьерлердің проблемасы бар, олардың қолында қару бар, қауіпті және адамдар мен табиғатқа проблема туғызады. Мұның бәрі осы мәселеге құқық қорғау органдарының көз жұма қарауының кесірінен орын алды. Браконьерлікпен айналысатындарға қатысты жазаны қатайту қажет»  деген болатын. Осы орайда жаза күшейсе ғана ауыр қылмыстарға айрықша тосқауыл болар еді  деп ойлаймын. Тәрбиесін тал бесіктен қалыптастыратын халқымыздың ұлттық болмысы бүгінде батыстан келіп жатқан былыққа әбден былғанып, өз болмысымызды жоғалтудың аз-ақ алдындамыз.

Ақпарат ағынына көзіңді бір жүгіртіп шықсаң, жағаңды ұстататын бірнеше қылмыстарға куә боласың.  Осы орайда «Заңды неге күшейтпейді» деп қынжылып қалатынымыз жасырын емес. Міне, осы ойлардың барлығын президент дөп басты деп ойлаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Ө.ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521