Шұрайлы тіліміздің қашанда өз маңызы жойылмайды

(0 Votes)

Қазақстан Президенті "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында : "Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін.

Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн" деген болатын. Иә, тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын, қастерлі де құдіретті нәрсе. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасатын болғандықтан, оның байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы болып қала бермек. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін Президенттің тапсырмасынсыз-ақ,  көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Әр адамның бетінде ұяты болып тұратын ана  тілі – ең басты байлығы. Осы ретте қазақылығының қаймағы бұзыла қоймаған біздің өңірден өзге аймақтар үлгі алатындай қарқынымыздан таймайық дегім келеді.

 Ә.Бисекешқызы

аудандық мәслихат депутаты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521