Шетел азаматтарына куәлік беріледі

(0 Votes)

Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін алмастыру, куәліктердің түпнұсқасы мен оның мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде расталған аудармасын,ішкі істер органдарында тіркелген жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсыну негізінде, медициналық куәландырудан өткеннен кейін, тракторист-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлегеннен кейін екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Тракторист-машинистің ұлттық куәлігі емтихан пунктінде сақталады. Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда тракторист-машинистің ұлттық куәлігі болмаған жағдайда, олардың  Қазақстан Республикасында болу мерзімі алты айдан асатын болса, Қазақстан Республикасының куәлігі жалпы беріледі. Портал арқылы «А», «В», «Г» санатты куәлік алу үшін: электрондық өтініш, тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің элетрондық көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі, медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі, салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат және оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының электрондық көшірмесі, көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет(ақ-қара,немесе түрлі-түсті).

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Г. Сатиева,

аудандық кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521