Қазақстандағы жолдар ақылы болады

(0 Votes)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы екі жылда Қазақстандағы жолдардың 6 мың шақырымы ақылы болады.

«Жолдарды ақылы етуге бағытталған жоба 2 кезеңде енгізіледі деп жоспарлануда. Алғашқы кезеңде, яғни 2020 және 2021 жылдардың аралығында автомобиль жолдарының 6 мыңға жуық шақырымы ақылы болады», - делінген хабарламада. 

Бұл – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің, Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қалбатау – Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға), Таскескен – Бақты, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы және Ақтау – Бейнеу жолдарының учаскелері. 2022 және 2023 жылдар аралығында автомобиль жолдарының қалған 5 мың шақырымын ақылы етудің екінші кезеңін жүзеге асыру көзделген.

 Дереккөз: Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521