Қаржыгерлер құттықтаудан қалыс қалмады

(0 Votes)

Егеменді еліміздің ерекше белгісінің бірі - ұлттық валютамыз. Түрлі өткелдерден сан жылдар бойы сұрыпталған төл теңгеміз республика көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралына айналды.

15 қараша - Ұлттық валюта - теңге күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудан әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Ш.Кейкин бір топ қаржыгерлерді қабылдап, облыс әкімі және өз атынан алғыс хаттар табыс етті. 

img_1358

img_1366

Қаржыны мақсатты пайдалану, жүйелі болуы - ауданның жетістігі деп білген аудан әкімі тіршілікте  экономиканың маңызды механизмі ретіндегі теңгенің жұмсалуына қаржыгерлердің  орасан еңбегін айрықша бағалады. Осылайша өздерінің іскерлік қабілеті мен адал қызметі  арқылы экономиканың даму жолында тындырымды жұмыстар атқарып жүрген қаржыгерлер мерейлі күндерінің қарсаңында көңілдері бір марқайып қалды.

img_1375

Жиында сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов сөз алып, атаулы мамандықтың оңай емес екенін, өзінің көп жылдарғы тәжірибесінде бұл саланың жаман атақ алып көрмегенін тілге тиек етіп, қаржыгерлерге қажырлы қайрат пен толағай табыстар тіледі.

А.САДЫКОВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521