Мақатта тәртіп бұзғандар табылған жоқ

(0 Votes)

Аспан астындағы көршілес елде аты жаман аурудан алғаш адам шығыны бола бастағаннан-ақ, ел Президенті алдын алу шараларына тапсырма берген болатын. Бүкіл әлемді бүріп отырған бұл вирус біздің елге енгенде сақтық шаралары тіптен күшейтілді. Карантин кезінде топ-топ болып шоғырлануға жол жоқ.

Аудандық ішкі істер бөлімінен білгеніміздей, тәртіп сақшылары да күн-түн демей, белгіленген тәртіпті бұзғызбауға барынша күш жұмылдыруда. Әр күн сайын той-садақа өтетін мейрамханалардың барлығына да күнделікті тексеріс жүргізіліп жатыр. Басқосулардағы барлық адамның саны 50-ден, уақыты кешкі 22:00 ден аспауы тиіс. Әзірге тәртіп бұзып, айыппұлға ілігіп жатқандар жоқ. Бірінші байлығымыздың алдымен өзімізге қымбат екенін естен шығармай, қарапайым қағидаларды қатаң сақтайық. Әйтпесе, микроскоппен көрінетіндей кішкене вирустың сау адамды сан соқтырып жатқан жағдайлары шартарапта аз болмай тұр.

А.САДЫКОВ

Сурет:ашық дереккөз



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521