COVID-19: Қазақстанда экспресс-тесттен кімдер өте алатыны белгілі болды

(0 Votes)

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетінін мәлім етті.

Жедел штабтың мәліметтері бойынша, алғашқылардың бірі болып тексеруден:

коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар, жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емхана ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері; тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған адамдар; науқастармен байланыста болған адамдар; коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері; карантин аймақтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тесттен өте алады.

Экспресс-тесттердің дұрыстығы 90%-дан кем емес. ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521