Әкімшілік рәсімдерді реттеудің жаңа тетігі

(0 Votes)

Мақат аудандық сотының төрағасы Ғ.А.Шыңғысов Аудандық ІІБ, мекеме заңгерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің жобасы қарастырылуда.

img_0834

Бұл ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің жобасы әкімшілік рәсімдерді реттеудің жаңа тетіктерін және жариялы құқықтық даулар бойынша әкімшілік сот ісін жүргізуді енгізуге бағытталғанын жеткізген аудандық соттың төрағасы аталмыш Кодекс ішкі әкімшілік рәсімдерді, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібімен, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен байланысты қатынастарды реттейтінін еске салды.

img_0845

Айта кетейік, мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастарға қатысушылар болып табылады. Жиын барысында Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатыны айтылып, Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырумен байланысты қатынастар, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелмеген бөлігінде, осы Кодексте реттелетіні сөз болды.

img_0840

Сонымен қатар жиынға қатысушылар сот төрағасына өз сауалдарын жолдап, сұрақтарына жауап таба білді.

 

А.САДЫКОВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521