Жиырма тоғыздың жағдайы не болып жатыр?

(0 Votes)

Инфекциялық стационарға жатқызылған 26 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес,  6 сәуір күні  Атырау облысындағы инфекциялық стационарда "коронавирустық инфекция" жұқтырғандар саны 29-ға жетті.


 - 29 науқастың ішінде 16 жасқа дейінгі  екі  бала бар.  Қазіргі уақытта жиырма  алты науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ал екі емделушіде аурудың орташа деңгейі  байқалады. Бір  науқастың ауруы  күрделі өтуде, - деді  Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы.


 Инфекциялық стационардағы  барлық емделушілерге  тиісті ем шаралары жүргізілуде, оларға толық медициналық көмек көрсетіледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521