Жайықтың су деңгейі түсіп кетті

(0 Votes)

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары Жайықтың суы екі есе азайып қалған.

Су мәселесін шешу үшін мемлекетаралық бағдарлама жасау керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жайықтағы су деңгейінің түсіп кетуі - өзекті мәселе. Соңғы жылдары су деңгейі екі есе азайып кетті. Бұл мәселеге қатысты өзіміз шешім қабылдай алмаймыз»,- деді Ғали Есқалиев. Ол Сенат төрайымы Дариға Назарбаева мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында РФ Президентімен кездескенде осы мәселені көтергенін айтты.«РФ Президенті бұл мәселені жедел шешу керек екенін айтып, қолдаған. Қараша айының соңында тағы комиссия отырысы болады, сол жерде бір шешімге келеміз. Бұл мәселені шешу үшін екі ел арасында мемлекетаралық бағдарлама жасау керек», - дейді ол.Еске сала кетсек, бұған дейін облыс әкімі қоқыс полигонын жабатынын айтқан болатын. Сондай-ақ, ол WhatsApp арқылы аймақ халқынан күніне 250-300 сұрақ келетінін айтты.

 

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521