Жабайы қоқыс алаңынан 120 тонна қоқыс шығарылды

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілуде – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, алдымен қала маңында пайда болған қоқыс алаңдарының 259 нүктесі анықталған.

whatsapp-image-2019-11-13-at-16_34_42

Мамандардың айтуынша, бұл үйінділер рұқсат етілмеген жерлерге қатты тұрмыстық қалдықтарды әкеп төгу салдарынан пайда болған.

whatsapp-image-2019-11-13-at-16_34_43

Мұндай жабайы қоқыс алаңдарын жою мақсатында «АрнаулыАвтобаза» мердігер мекемесі жанынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, қажетті техникалар  жұмылдырылды. Күні бүгінде негізгі 3 алаң тазартылып, 120 тонна қоқыс шығарылған. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521