Үш жыл бойы іздестірілген қылмыскер ұсталды

(0 Votes)

Күдікті ер адам үш жыл бойы іздестірілген. Қазақстандық Ресей Федерациясында жалған құжаттармен тұрыпты

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik.

25-ші қазан күні Ресейдің Калининград облысында полиция экономикалық қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматын ұстады.

Ер адам Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 245-бабы, 3-тармағы (салық төлеуден жалтару) және 262-бабы, 2-тармағы (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру мен басқару және оларға қатысу) бойынша жасаған заң бұзушылықтары үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Азамат келтірген мемлекеттік шығын екі миллиард теңгеден аса қаржыны құрады (5 миллион доллардан астам), деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Күдікті 2016 жылдан бастап халықаралық іздеуде болған. Ол Ресей аумағында жалған құжаттармен тұрған.


sputniknews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521