Қатыгездік пен қателік

(0 Votes)

Кейінгі уақытта қит етсе, жұдырығын алып жүгіретіндер, ақылды ашуға жеңдіріп, ерегіскен екі кісінің сөзге келіспей қалуы қару жұмсаумен, ақыр соңы кісі өліміне жалғасып жатады.

Өткен аптаның демалысы күндері ауданымыздың екі үлкен кентінде екі бірдей кісі өлімі болды. Отызға толмаған жап-жас жігіттердің «айдың күннің аманында» жарық дүниемен қош айтысуына не себеп болды? Көптің көкейінде осы бір жауабы жоқ ауыр сауал тұрды. Құқық қорғау орындарынан алдын ала алған мәліметке сүйенсек, екі жағдай да түнгі мезгілде орын алған. Бейбіт күнде адамдардың бір-біріне қиянат жасап, арақтың буымен адам өлтірілген. Қылмыскерлердің ісі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігімен, адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату болып есептеледі.

10355

Анығында, 1992 жылы туған жас жігіттер сенбі күні көңіл көтеріп, соңы ащы судың әсерінен  төбелеске ұласады. Ақырында жанжалдың арты пышақ сілтеуге дейін барып, жас жігіттің аудандық ауруханада есін жимаған күйі қайтыс болуымен аяқталды. Доссордағы оқиғада да 1995 жылы дүниеге келген жас жігіттің өмірі пышақтың күшімен үзілді де қалды. Екі оқиғада да олар дәрігердің көмегіне жетпестен, жан тәсілім етті. Суық қарудың құрбаны болған жас жігіттер орда бұзар жасқа жақындап қалған еді. Аңыраған бауырлары мен ата-аналары, сүйген жар, шиеттей бала қалды. Осы бір орны толмас қайғылы оқиға барша тұрғындарды дүр сілкіндірді.

Тыныш заманның, бақытты сәттердің бағасын білмеушілік пе, не бұл? «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» адам санасы неге төмен құлдырап, бір пенденің өмірін «шыбын құрлы» көрмеді? Осы сұрақтарға жауап тапқан жан бар ма? Әркім өзінше топшылайды.

Толығырақ газетіміздің №7 санынан оқи аласыз!

Г.САЛИКОВА

сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521