Мерзім толық өтелгенше бақылауда болады

(3 Votes)

«Жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзбаған, қылмыспен келтірілген залалды толығымен өтеген, заңмен белгіленген нақты мерзімін өтеген тұлға бас бостандығын айыру жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» деп есептеледі.

Жазаны өтеу қысқартылғаны соттылықтың күшін жоймайды, өйткені қылмыстық жауапкершілік құқықтық қарым-қатынас сақталады.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғаға соттылық пробациялық бақылау қоюдың құқықтық негізі болып келеді.

Пробациялық бақылау жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған тұлғаларға қатысты сотпен тағайындалған міндеттерін орындау және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді қарастырады.

Пробация қызметі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды өзінің есебіне қояды, денсаулық жағдайын, білім деңгейін, еңбекпен қамтылуын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, оның жеке басын зерделейді. Сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындауға қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды.Бір сөзбен айтқанда, пробация қызметі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғаларға мамандық алуға, жұмыспен қамтамасыз етуге, тегін медициналық, психологиялық көмек көрсетуге, тұрғылықты жері жоқ кезінде, адаптация орталығына орналастыруға көмектеседі.

Пробация қызметінің мақсаты осы тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, тегін психологиялық және медициналық көмек көрсету. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар босағаннан кейін, тұлғалардың дұрыс жолға түскеніне, қоғамның қадірлі адамдары болуына, жұмыспен қамтамасыз етілуіне, мамандық алуына, өмірде өз-өзін табуға және қазіргі заманның өміріне бейімделуіне мүмкіндігінің болуын қадағалау қажет.

М.ҮМБЕТАЛИЕВА,

пробация қызметі тобының инспекторы әділет лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521