Коронавирусқа қарсы вакцина ойлап табылды

(1 Vote)

"Біз вирусқа қарсы вакцина ойлап таптық, бірақ оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек", - дейді Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнг.

Профессордың сөзінше, жануарларға жүргізілетін сынама бірнеше айға, ал адамдарға жүргізілетін клиникалық сынама үшін бір жылдай уақыт керек.

Басылым мәліметінше, ғалымдар тұмауға қарсы вакцинаны коронавирустың беткі антигенін қосып түрлендірген.

1580273134026_png

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

"Синхуа" агенттігінің мәліметінше, қытайлық зерттеушілер коронавирусты зерттеудің алғашқы қорытындысын жариялаған. 2019-nCoV электрон микросуреттері жария етілген.

Қатерлі вирусты жұқтыру жағдайлары Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде тіркелген.

tengrinews.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521