Белгіленбеген жерден өтсеңіз, айыппұлға ұрынасыз!

(0 Votes)

Cақтықты санадан шығарып, өкінішке ұрынып жүрген жайттар өмір бойы өзекті өртейтінін тұрғындар естен шығармаса дейміз. Жолда жүру ережесін сақтамаған жағдайда қауіп көп.

2019 жылдың алты айының қортындысы бойынша жалпы «ҚТЖ жүк тасымалы» АҚ бойынша 11 қайғылы жағдай орын алған.

Әртүрлі жастағы азаматтардың ойсыз әрекетінен, олардың теміржол бойында ең қарапайым жол ережелерін сақтамауынан, жүріп бара жатқан құраманың алдынан жүгіріп өту, құрамалардың астынан өту секілді әрекеттерінен осындай қайғылы жайттар орын алып жатады. Ай сайын теміржолға жақын ауыл тұрғындарымен бірігіп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Әсіресе, балалардың жазғы демалысы уақытында абай болу артық емес. Себебі, кез келген уақытта бір жақтан пойыздың шыға келуі, екінші жолда пойыздың жақындап қалғанын байқамай қалуы, тоқтап тұрған құраманың жүріп кетуі мүмкін. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында станцияға кіре берісте дауыс зорайтқыштың көмегімен келіп-кетіп жатқан пойыздардан өзге маневрлік қозғалыстар, вагондарды қосу-ағыту туралы да үздіксіз хабарланып тұрады. Қауіпсіздік жайлы көрнекі жерге аншлагтар да орнатылған. Әр ай сайын станция басшылығы, қарауыл басшылығы, желілік ішкі істер басшылықтары бірігіп, тұрғындардың теміржолдың белгіленген жерлерден өту керектігі туралы рейд өтіп жатыр.

Рейд кезінде ересек адамдармен және жасөспірімдерге теміржолдың белгіленбеген жерлерінен өтсе, қатаң шара қолданылады.

Сол үшін ата-аналар балаларына теміржолдан өтерде арнайы белгіленген жерлермен, жаяу жүргіншілер көпірімен өту керектігін, темір жол аймағынан аулақ болуларын мұқият ескерткені жөн.

Т. Қанатбаева,

Мақат станциясының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521