«Ауылды жасыл желекке айналдырамын»

(1 Vote)

Әділбек Мақсұтұлы 2009 жылдан бері «Аманғалиев» ЖК тіс емханасында тіс дәрігері болып қызмет етіп келеді.

Бос уақытында кентіміздің көгалдандыру жұмысына бір кісідей-ақ атсалысып жүр.

- Ауыл көшелерінің жасыл желекке айналуына үлесімді қосқым келеді. Қазіргі таңда, інілерім соңымнан ілесіп, техникамен қолдап жатыр. Бұл бір адамның ісі емес, артымда, көптеп-көлемдеп қолпаштаған аға-інілерім бар. Осындай игі істі жандандырып жатқаным солардың арқасында» - дейді Әділбек.

Әділбектің жанына жастар жинала бастады. Оларға жердің құнарсыздығы, кентті қоршай орын алған сортаңды жерлер кедергі келтірмеді. Кенттегі Н.Құсайынов, М.Өтемісұлы, Ш.Еркешов көшесі, көпқабатты пәтерлердің көше бет жағы, Доссор-Атырау тас жолы бойында жайқалып бой түзеген жасыл көшеттер жас көшеттер Әділбектің отырғызған ағаштары. Оларды егіп қана қоймай, жайқалып өсіп кетуіне жағдай жасап, күтіп-баптау жолында аянбай тер төгіп жүр. Әділбек мұнымен тоқтамайтынын жеткізді. Алда әлі талай жоспарлары бар.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521