Жылыойдан жүлдемен оралды

(0 Votes)

16-шы қараша күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласында "Қазақстан таланттары" өнер білім дамыту шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Республикалық « Құлақтан кіріп, бойды алар» атты балалар және жастар байқауы өтті.

Байқау көркем сөз және би жанры секілді бірнеше бағыттар бойынша өрбіп, оған аудандық мәдениет үйінің  драма және би үйірмесінің талантты оқушылары қатысқан болатын. Айтулы дода да аудан намысын қорғаған балғындар аянып қалмай, білікті ұстаздарының үмітін ақтай білді.

img_1429

Атап айтсақ, "Көркем сөз" бөлімі бойынша драма үйірмесінің оқушылары Жайнұр Нұрланқызы І орынға ие болса, Инаят Русланұлы мен Сұлтанбекұлы Тілеуқабыл және де Болатбайқызы Айсара мен Тельжан Інжу  ІІ орынға табан тіреді. Үздік үшті түйіндегендердің қатарынан Айшат Ануарқызы табылып, жетекшісі Г.Кенжиева байқаудың алғыс хатымен және «Үздік тәлімгер» төс белгісімен марапатталды.

bdc00e0f-458a-4b4a-8ec3-87850001c79b

Дүбірлі додада мың бұралып, жүзден жүйрік шыққан мақтаныштарымыз  «Шаттық » би тобы  «Би» бөлімі бойынша өздерінің ең үздік екенін дәлелдеп бас жүлдеге  ие болды. Енді оларды Алматы қаласында өтетін Халықаралық байқау  күтіп тұр. Сонымен қатар үйірме жетекшісі М.Жаңбырбайқызы байқаудың алғыс хатымен марапатталып, мерейі үстем болды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521