Төрт жүз адамнан екінші келді

(0 Votes)

Атырау қаласында жаппай жүгіруден 2020 жылдың алғашқы марафоны өтті. Ал, қысқы «ICE RACE» марафоны осы қыс мезгілінде екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Ауа райы қолайсыздығына қарамастан, марафонға 400-ге жуық желаяқ қатысып, бой сергітті. Қатысушылар «Ретро парк»  алаңынан бастап, Жайық жағасымен орталық көпірге дейін айналып жүгіріп өтті. Ауданымыздан марафонға төрт желаяқ қатысып, өздерінің белсенділіктерін танытты.

2

Қорытынды бойынша Парасат Құлмұханов ІІ орын, Аманжол Құлсариев V орыннан көрінді. Ал, Баршамұрат Амантаев 15-ші және Мейірбек Қабдолла 20-шы болып мәре сызығын кесті. Жарысқа қатысушылардың барлығы медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.   

                                          1                                          

«Енді сәуір айында өтетін осы жылдың ең үлкен  спорттық іс-шарасы «ІV Қайырымдылық марафонына» қатысып, жақсы көрсеткіш көрсетуге жұмыстанып жатырмыз. Дайындығымыз жаман емес. Аудан жастарын да салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық жаппай жүгірумен шұғылдануға шақырамыз»,- дейді спортшылар. 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521