"Толағайда" Құбайдоллаевтар топ жарды

(0 Votes)

Дүйсенбі күні Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде аудандық жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен "Отбасым - байлығым" жобасын жүзеге асыру аясында "Толағай" сайысы өтті.

Алты кезеңнен тұратын жарыс жолына ауданнан бес жанұя қатынасып, өз ара күш сынасты. Сайысшылар алдымен өз-өздерін таныстырып, ұстанымдарын ұрандатты. Әрі қарай "Құлатпай өт" кезеңінде ата-аналар айқасқан қолдарына  баланы отырғызып, кедергілер  арасымен құлатпай алып өтті.

img_8834

Бойларын қыздырып алған жарыс жолындағылар үшінші кезеңде қапшықпен секіріп жарысып, кезекті ұпайларына қол жеткізді. Ендігі кезекте ептілігі күшті жанұяның жұлдызы оңынан туар сәт келді.

img_8893

Аяқтары бір-біріне байланған сайысшылар кедергілер арқылы жүріп өтіп, мәреге жеткенше кейбір қатысушылар құлап та үлгерді. "Мергендер сайысында" топ ішіндегі ең кішкентай қатысушылар арнайы қойылған шелектерге ұсақ шарларды көздесе, жарыс жолындағылар ақтық айқаста білек күшімен сынасып арқан тартысты.

img_8955

Қызыққа толы кезеңдердің қортындысы бойынша бас жүлдені Құбайдоллаевтар отбасы иеленсе, бірінші орынға Сәбитовтер отбасы жайғасты. Сайыстың "күміс жүлдесімен" Руслановтар отбасы марапатталып, үздік үштікті Ташевтар мен Ахметқалиевтар отбасы түйіндеді.

img_8990

Жеңімпаздар арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болып, көңілді  тарқасты. Бұл - сайыс, бастысы - қол ұстасып қадам басқан өмірдің кедергілерінен сүрінбеңіздер!

 

А.САДЫКОВ

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521