Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін

(0 Votes)

2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Халықаралық Олимпиада комитеті қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тығыз байланыста. ХОК басшылары дәрігерлермен коронавирусқа қатысты ақылдасып жатыр.

Daily Mail мәліметі бойынша, Олимпиадада фанаттардың болмауы ХОК-тың телекомпаниялармен бірнеше миллион көлемінде келісімшартқа отыруына көмектеседі. ХОК Жазғы ойындарды басқа қалаға ауыстырғаннан не оны мүлде өткізбей қойғаннан көрі сайысты тікелей трансляцияда көрсетуді жөн санап отыр.

Айта кетейік, ақпанның аяғындағы дерек бойынша, Жапонияда 862 адам коронавирус жұқтырған. Ал Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521